«Болашақ» түлектерінің озық тəжірибесін өзге өңірлерге тарату қажет

Батысқазақстандық «Болашақ» түлектерінің озық тəжірибесін өзге өңірлерге тарату қажет.

Бағдарлама аясында шет мемлекеттерде білім алған мамандар тобымен кездескен ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Бақтияр Мəкен осындай пікірде. Бүгінгі таңда өңірде əлемнің беделді оқу орындарында тəлім алған 140 маман əртүрлі салада еңбек етіп жүр. Соның 70 пайызы мемлекеттік органдар мен жекеменшік секторда, 11 пайызы шетелдік компанияларда қызмет атқарады. Қоғамдық өмірде әркез белсенділік танытып жүрген мамандар мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу реформасын да қызу талқылады. Реформаларды жүзеге асыру арқылы еліміз дамудың жаңа сатысына өтеді. «Елдегі елеулі істердің ойдағыдай орындалуына жастар да өз үлесін қосатын болады», - дейді конференция қатысушылары.

Салтанат Тұманбаева, БҚО бойынша «Болашақ» қауымдастығының төрайымы:

- Елбасының биылғы үндеуін біздің қолдау себебіміз ол әлемдік деңгейдегі мемлекетке сәйкес бірінші халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарғаннан кейін ғана осы мәселені қозғап отыр. Бұл мәселені қозғауда әуелі экономика содан кейін саясат деп отыр. Бұл жаңағы жергілікті деңгейдегі билікті тарату, бөлу деген мәселесін парламенттік, үкіметтік деңгейде, одан кейін жергілікті деңгейдегі биліктің күшеюі, жалғыз ғана ол емес, бірнеше халықтың шешім қабылдауы, олардың сенімділігі деп білеміз.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Конституцияға 40-тан астам өзгеріс енгізіледі. Әрине, ол өзгерістердің бәрін қазір жұмыс топтары қарастырып жатыр. Оған да өңір-өңірлерден арнайы депутаттар шығып, ұсыныстарды аламыз. Берілген қаражаттардың тиімділігін арттыра отыра, оған бақылау тек билік тарапынан емес, халықтық бақылау, қоғамдық бақылау деген мәселелерді қозғап жатырмыз.