Е.Ертісбаев: Парламент мемлекет өмірінде үлкен рөл ойнап, Үкімет дербес және нәтижелі болады

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші модернизациясы: жаһандық бәсекелесу қабілеті» Жолдауының негізгі қағидалары Грузияда өткен баспасөз мәслихатында басты тақырыпқа тамызық болды.

БАҚ өкілдері бас қосқан жиында Қазақстанның Грузиядағы елшісі Ермұхамет Ертісбаев жаңа өзгерістер қарсаңында тұрған Қазақстанға қызығушылық білдіргендердің сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Журналистер билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі Елбасы Үндеуіне қатысты толыққанды ақпарат алды.

Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Біз 25 жыл бойы Назарбаев белгілеген жолмен жүріп келдік – алдымен экономикада, одан кейін саясатта. Бір ғасыр ширегінде біз мемлекеттің нарықтағы әлеуметтік-экономикалық реформалар іргетасын қаладық. Енді кейінгі реформалар өткізу кезінде саясат пен мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы Парламент мемлекет өмірінде үлкен рөл ойнап, Үкімет дербес және нәтижелі болады.