ҚХА кафедрасының қызметкерлері Елбасы жолдауын талқылады

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйлері мен өңірлердегі «Қоғамдық келісім» кеңестері директорларына арналған республикалық кеңес өтті.

Жиын барысында Елбасының Қазақстан халқына жолдауы мен үндеуі талқыланды. Бұдан бөлек, Ассамблеяның 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына ұсыныстар айтылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 5 наурызға дейін 18 республикалық іс-шара өткізуді жоспарлаған, оның 14-ін этномәдени бірлестіктер жүргізеді. Осы акциялар аясында «Қайырымды Ел 2017» жобасы да жүзеге асырылмақ.

Эльдар Төлеубеков, ШҚО «Достық үйі» ҚК орталығының директоры:

- Біз енді дамыған елу мемлекеттің ортасына кірдік. Біз Ассамблея өзіміз қай жерде қалай сапалы жұмыс көрсету керек екенімізді талқылап жатырмыз. Соның ең бір бағыты жастарды тарту. Алдымыздағы келе жатқан ЕХРО-ға біздің белсенділер өздері ұлттық тағамдарды көрсетейік, Ассамблеяның атынан біз не істеуіміз керек еді, бізге де тапсырма беріңіздер деген сондай да кісілер бар.