Әлібек Асқаров жолдаудағы төртінші басымдықтың маңыздылығына тоқталды

Азаматтардың білім сапасын арттырып, бәсекеге қабілетті білікті маман болып қалыптасуына Елбасы ерекше ден қойды.

Президент білім беру жүйесін өзгерту керектігін алға тартты. Осы орайда жазушы Әлібек Асқаров жолдаудағы төртінші басымдықтың маңыздылығына тоқталды.

Әлібек Асқаров, жазушы:

- Бұл еліміздің адами капиталын дамытуға арналған екен. Шынында бұл стратегиялық үлкен мәселе. Болашақ үшін алдымен білімді ұрпақ, денсаулық мәселесіне үлкен көңіл бөлінген. Жыл сайын бюджеттің 40%-ы білімге, денсаулыққа содан кейін халықты әлеуметтік қорғауға бөлініп келе жатыр екен. Соны одан әрі қарай дамыту, мектептердегі білім берудің сапасын жақсарту, оны бір жаңаша көзқараспен қарау сияқты үлкен соқталы мәселелерге көңіл бөлінген.