The London Post газетінің бас редакторы Президент Жолдауына қатысты пікірін білдірді

Шетелдік саясаткерлер мен беделді сарапшылар Қазақстан Президенті Жолдауына байланысты өз пікірлерін білдіріп жатыр.

Британиялық The London Post газетінің бас редакторы, доктор Шахид Куреши құжатта көрсетілген адам капиталын дамыту мәселесін қуана құптайтындығын айтады.

Шаһид Куреши, The London Post газетінің бас редакторы:

- Адами капиталды дамыту арқылы кез келген мемлекетті жоғары сатыға көтеруге болады. Халыққа, әсіресе жас буын өкілдеріне инвестиция құю өте маңызды. Сіздерге білім беру, медицина, инженерия сияқты өмірдің көптеген саласы бойынша мамандар керек. Кеңес Одағы кезінен де ондай әлеуетіңіз бар болғанымен, жас ұлтқа жаңа кадрлар қажет. Өйткені олар болашақта мемлекет құрылымымен айналысады және басқарады. Кез келген елде орта тап мемлекетті билейді. Егер орта тап мықты болса, болашақ та жарқын болмақ.