Неге мешітті жастар, мектепті зейнеткерлер күзетіп жүр?
Бұл Ақтөбедегі білім ошақтарында «жаппай қырғын жасаймын» деген сұмдық хабардан шошынып, мектептердің қауіпсіздігін сынға алып жатқан ата-аналар мен жергілікті тұрғындар. Телеграм арқылы айтуға ауыз бармайтын дерек тарағалы, шаһар абыр-сабыр. Өткен апта өңірдегі білім беру мекемелерін мұздай қаруланған сақшылар күзетті. Бірақ соған қарамастан батыстағы ағайын балаларын сабаққа жіберуден бас тартты.