«Армияға бармаймын»: 20 мың жігіт қашып жүр
Қазақстанда әскерге шақыртылған жастардың 60 пайызы отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүр. Ал 30 пайызы денсаулығына байланысты жарамсыз. Тек 10 пайызы ғана сарбаз атанады екен. Бұл депуттардың дерегі. Қазақстандық жастардың отан алдындағы борышын өтегісі келмейтініне не себеп? Әскерге барудың артықшылығы мен кемшілігі қандай? Арнайы жоба жауап іздейді.