ШЫҰ: Астана саммитінің басты мейманы Лукашенко не мақсатпен келе жатыр?
Ұйымның да ұйымы бар, өзара келісімге келуге қиыны бар. Құрылмай жатып ыдырап кеткені бар, уақыт сынынан өткені бар, жетістікке жеткені бар. Шанхай ынтмақтастық ұйымын сөзсіз соңғы екеуіне жатқызуға болады. «Шанхай бестігі» болып құрылған ұйым, уақыт өте келе «Үлкен сегіздік» болып бірікті. Енді Еуразия кеңістігінде «еңселі ондыққа» айналатын күн жақын.