Арнайы репортаж. Спортшыларды шыңдаған Астана

10 жыл бұрын Арқа төріндегі жас қалада спорттық қалашық пайда болады деп ешкім ойламаса керек. Алайда қысқа мерзім ішінде бұл жерде «Астана Арена», «Алау» мұз сарайы және «Сарыарқа» велотрегі бой түзеді.

Сондай-ақ халық арасында «Барыс-Арена» аталып кеткен алып мұз сарайы да былтыр қолданысқа берілді. Осылайша Астана спорт саңлақтарына сая болған ортаға айналды. Жеңіс жолындағы күрес, бақ пен баптың айқасы, ел үмітін арқалаған дарабоздардың дара жолы арнамыздың тілшісі Елдос Сапарғалидің арнайы репортажында.