Арнайы жоба: Ұлы Жібек жолының бойымен

Ұлы Жібек жолы – адамзаттың ұлы жетістіктерінің бірі. Біздің заманымызға дейінге II ғасырда Батыс пен Шығысты жалғаған бұл жол біржола тарих барысын өзгерткен.

Бір жарым мың жылдық қолданыстан кейін ұмытылып қалған Жібек жолы бүгінде қайта жанданып келеді. Қазақстан бұрынғыдай оның бір бөлігі және өркениеттер арасындағы көпір саналады. Арнамыздың түсірілім тобы жаңа сауда жолының бойындағы екі құрлыққа, 6 ел мен 8 маңызды қалаға барып қайтты. Олар сіздерге жаңа Жібек жолы туралы айтады. Ол әрбір мемлекет үшін қандай мүмкіндіктер ашады және Шығыс пен Батыс елдері неліктен оның ашылуын асыға күтуде?