Транспорт және логистика. Жол-көлік саласындағы жаңа инновациялық жетістіктер

Еліміздің көліктік-логистикалық желісі мыңдаған шойын жолдар мен тас жолдардан тұрады. Халықтың кеңінен қолданатын көлік түрі қалааралық жүйіткіген пойыздар. Жалпы темір жол саласы ел экономикасының дамуында үлкен орын алады. Жолаушы және жүк тасымалының негізгі бөлігі осы сектордың үлесінде. Сондықтан бұл салада соңғы уақытта жаңа инновациялық технологиялар қолға алына бастады. Мысалы, қарапайым «Астана-Бурабай» теміржол телімі отандық өнертапқыштардың арқасында жасанды интеллекті бар «ақылды» жолға айналды.