Алтайдағы айрықша туризм | Арнайы репортаж
Алтайда қалай ерекше дем алуға болады? Бүгінгі арнайы репортажда біз осы жайында айтамыз.Алдымен алқызыл адырлы «Қиын Керішке» тоқталайық. Ол Күршім ауданының территориясындағы ғажайып. Бірақ Қиын керішке жету де, оны табу да қиын. Әйтеуір көлік жүргізушіміздің тәжірибесі алдамады.Трассадан бұрылар жерге бір сілтеме тақтай қоя салу қаншалықты қиын болды екен әкім-қараларға.