Бейрутте Израиль шабуылынан 15 адам қаза тапты
Израильдің Ливан астанасы Бейруттің орталығына жасаған кейінгі шабуылынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті. 63 адам дене жарақатын алған. Кеше Израиль қорғаныс армиясы Баста ауданындағы 8 қабатты тұрғын үйге соққы жасаған болатын. Төрт зымыран атылды. Әл-Жазира телеарнасының хабарлауынша, ғимарат «Хезболла» қозғалысына тиесілі болған.
Сондай-ақ Израиль әскери күштері аудан тұрғындарына шабуыл туралы алдын ала ескертпеген. Оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Қазір үйінді астында қалғандарды құтқару жұмыстару жалғасып жатыр. Құрбандар саны артуы мүмкін.