Өскен өңір | Арнайы репортаж
Бұл - Каспий теңізі. Ал бұл Қазақстандағы ең зәулім айналма дөңгелектің кабинасы. Осы жерден су айдынының таңғажайып көріністерін 55 метр биіктіктен тамашалауға болады. Туристер мен демалушылар келетін тақырыптық парк Ақтаудың іргесінде орналасқан. Осы жағажайда көптеген демалыс орындары мен қонақүйлер салынуда. Бүгінгі хабарымызда жері теңізбен шектескен Маңғыстау облысының 30 жылда жеткен жетістіктерін айтатын боламыз.