Жетімін жылатпаған | Арнайы репортаж
Елімізде балалар үйлерінің саны азайып жатыр. Қазақ ежелден жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған. Көрсеткіш көңілге қонымды: 2000 жылдармен салыстырғанда балалар үйі төрт есеге азайды.
Қазір Қазақстан бойынша 20 жетім балалар үйі бар, мұнда 4 мыңнан астам сәби тәрбиеленіп жатыр.