Конституциялық сот | Арнайы репортаж
Бүгінде елімізде құқығы тапталғандар соттан әділдік сұрайды. Шағымы қанағаттандырылмаған жағдайда іс Жоғарғы сотқа дейін жетеді. Соттың шығарған үкімі бұл жерде екі сатыда қаралады. Егер өзгеріссіз қалса, онда азаматтардың тауы шағылады. Өйткені Жоғарғы сот – ең соңғы инстанция.
Бірақ енді Конституциялық сот құрылады. Бұл құрылым Ата заңда көрініс тапқан азаматтардың құқығы мен бостандығының барынша қорғалуын қамтамасыз етпек.
«Арнайы репортаж» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.