Түркия. Зардабы ауыр зілзала | Арнайы репортаж
Зілзаладан Түркияның 11 провинциясы зардап шекті. Әсіресе, Хатай, Кахраманмараш, Адияман және Газиантеп өңірлерінің шығыны көп. 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністері аймақтағы бас аяғы 13,5 млн халыққа әсер етті. Көптеген ғимараттың күл-талқаны шығып, он мыңдаған нысан тұруға жарамсыз болып қалды.