Ұлытау облысында жол жөндеу жұмыстарында заңбұзушылыққа жол берілген
Ұлытау облысында жергілікті атқарушы орган өкілдері жол жөндеу жұмыстарын тиісті сараптамасыз жүргізген, деп хабарлайды 24kz.
Одан қалды 390 млн теңгеге сапасыз орындалған нысандарды қабылдаған. Осындай заң бұзушылықтарға жол берген жауапты қызметкерлерге ескерту беріліп, 3 ауыл әкімі тәртіптік жазаға тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары уәкілетті орган өкілдеріне кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар берді. Жалпы өңірде 2022 жылдан бері жол жөндеу жұмыстары кезінде 100-ден астам заңбұзушылық анықталды.
Жасұлан Хамитов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- Биыл 18 нысанда жөндеу жұмыстары ведомствалық сараптамасыз жүргізілді. Жауапты қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылды. Қазір сол нысандар бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Мердігерлер сапасыз атқарған жұмыстарын қайта жасайды.