«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзіне асыру

twitter.com

Бүгін Астанада Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихаты өтті.

Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, ҚР Президенті Әкімішілігі Басшысының орынбасары Марат Бекетаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты.