Шетелдік сарапшы Елбасы жолдауына қатысты пікірін білдірді

Қазақстан Президенті жолдауында көрсетілген кешенді міндеттер экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге сеп болады.

Бұл – британиялық First баспа үйінің өндіріс жөніндегі директоры Имон Дэйлидің пайымы. Ол жолдаудағы бес кешенді міндеттің бірі экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуына ерекше көңіл бөліп отыр. Дэйли цифрлық технологиялар негізінде құрылатын жаңа индустрияларды өркендету арқылы мемлекеттің дамуына жол ашылатындығын айтады.

Имон Дэйли, First баспа үйінің өндіріс жөніндегі директоры:

- Президент Назарбаевтың жолдауы Қазақстан жаңғыруының анық жоспары іспеттес. Ол әлемнің ең дамыған елдері қатарына ену жолындағы шынайы экономикалық және әлеуметтік қадамдар ұсынады. Цифрлық индустрияның дамуы, мысалы, барлық салаға серпін беріп, болашақта тұрақтылықты қамтамасыз етеді деп сенемін.