Қазақстан Президентінің жолдауы цифрлық ғасырда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Ұлыбритания Либералды-демократиялық партиясының мүшесі Джонатан Фрайердің пайымдауынша, Қазақстан Президентінің жолдауы цифрлық ғасырда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

«Экономиканы «цифрландырудың» және ақпараттық технологиялардың дамуы нәтижесінде кейбір салалар өзектілігін жоғалтып, жаңа жүйе пайда болады. Президент Назарбаев мұны жақсы түсінеді, сондықтан да технологиялық жаңалықтар негізінде экономиканы жаңғыртуға ерекше назар аударып отыр», - дейді саясаткер.

Джонатан Фрайер, Ұлыбритания Либералды-демократиялық партиясының мүшесі:

- Әрине, бұл жолдау Қазақстанды даму бағытына жетелейтін тағы бір оң қадам. Сандық ғасырдың сынына төтеп беруге жасалған ұтымды әрекет. Бұл бастамалар Қазақстанды шынымен де заманауи елге айналдырады. Экономикалық тұрғыда бұл өте маңызды шешім болды деп ойлаймын. Сондай-ақ тәуелсіздік алғалы бері сіздің ел үлкен белестерді бағындырды. Мен 1994 жылы Қазақстанда болғанда халықтың қиын халде екендігін көрдім. Бұл өте қиын кезең болды. Бірақ одан бері халықтың әл-ауқаты он есеге дейін артты.