Еліміздегі ең көне театр көрерменмен қайта қауышты

Еліміздегі ең көне театрдың бірі - Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді.

Ғасырдан астам тарихы бар өнер шаңырағында бұрыннан бұлжымай келе жатқан дәстүр бар. Ол әр театр науқанын жаңа қойылыммен бастау. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Театр мамандары көзіқарақты көрерменге француз жазушысы Эдман Ростанның "Сирано де Бержерак" спектаклін ұсынды. Оны сахнаға лайықтаған танымал режиссер - Сергей Федотов болатын. Саф өнердің саңлақтары: «Қалың көпшілікке дайындаған тартуымыз аз емес», - дейді. Әртістердің кәсіби қарымын арттыру жайы да басты назарда. Қарашада Мәскеу театр қайраткерлері Одағының мамандары аталмыш шаңырақта шеберлік дәрісін өткізеді.

Айболат Жаудыр, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры:

- Қазақ халқының ертегісі "Ер Төстік " спектаклі балаларға ұсынылады. Одан кейін бүгін ғана режиссер келіп жатыр, Онегин спекталін қойған едік 6-7 жыл бұрын, дегенмен де халық көп сұрайтын спектакль болғаннан кейін қазір соны қайтадан қояйын деп жатырмыз. Театрдың негізгі бағыты - жас ұрпақты тәрбиелеу, өнер арқылы олардың жүрегіндегі махаббаты ашу, адамгершілікке тәрбиелеу.