Астана Опера сахнасында алғаш рет «Абай» моно-операсы қойылды

«Астана Опера» сахнасында алғаш рет хәкім Абайдың әндерінен моно-опера қойылды. Сирек жанрға түрен салған Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері -  Шахимардан Әбілов. "Толық адам. Ой толғау. Хәкім Абай" моно-операсы 3 бөлімнен тұрады. Мұнда ұлы ақынның көп шырқала бермейтін 10 туындысы енген. Бұған дейін де өнер қайраткері Абай шығармаларын шет елдерде танытуға үлес қосты.