Дархан дала. Іле Алатауының сұлу табиғаты

Күнтізбе парақтары күннен күнге жұқарып, жаңа жылдың жақындап қалғанынан хабар беріп жатыр. Әдеттегідей, дәстүр бойынша 12 айдың қорытындысын жасайтын кез де келді. Еліміздегі ірі мегаполис Алматыға жыл сайын сан алуан демалыс түрлеріне және Іле Алатауының сұлу табиғатын тамашалауға мыңдаған саяхатшылар келеді. Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Алматыға халықаралық әуежай арқылы 343 мың шетелдік қонақ келсе, оның 11 мыңы туристік мақсатпен келген екен. Бүгінде қаланың туризм және сыртқы байланыстар басқармасының және бизнес-қауымдастықтың алдында осы санды ұлғайта түсу мақсаты тұр. Белсенді демалыс түрлерін ұнататын туристер қаладан 30 минуттық жерде тұрған тауға арнайы келеді.

Сондай-ақ...