Мемлекеттік кеңесші жаңа заң жайлы пікір білдірді
Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған үшінші заң.
Құжат Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Бұл жайлы Ерлан Қарин Telegram желісіндегі ресми парақшасында жариялады. Ол мемлекеттік наградаларды атақты тұлғалардың атымен атау әлемдік тәжірибе екенін атап өтті. Мұндай қадам халық қаһармандарының есімін ұлықтап, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға зор үлес қосады, – деді ол.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
- Мемлекеттік наградаларды атақты тұлғалардың атымен атау тәжірибесі көптеген елде бар. Мұндай қадам халық қаһармандарының есімін ұлықтауға, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және отаншылдық сезімді оятуға зор үлес қосады. Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің дәрежелеріне ұлт батырларының есімін беруді ұсынды. Сондай-ақ Президент Талдықорғандағы әскери авиабазаға Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімін беру туралы мәселе көтерді. Бұл бастамалар – келесі жылы 80 жылдығы атап өтілетін ортақ жеңіске өлшеусіз үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалған шексіз құрметтің белгісі.