«Дархан дала». Арыс ауданы
Арыс – облысқа бағынышты қала, Ресей және Сібірдің Еуропа бөлігімен, Орта Азия мен Қазақстанды байланыстыратын үш бағыттылы ірі торапты станса.
Шаһарда 42 мыңға жуық адам тұрады. Ал тағы 30 мыңы Арыспен іргелес орналасқан ауылдық мекендерде өмір сүреді. Әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының ішінен Арыс ауданы қазір нық төртінші орында.