Зерендіде туристерге қандай жағдай жасалған? | Дархан дала
«Дархан дала» жобасы Қазақстанды аралап еліміздің туристік әлеуетімен танысып жүр. Түсірілім тобы хабарымыздың өткен шығарылымында мың көл аймағы Зерендіге жеткен еді.
Ежелгі заманнан бері бұл дала Орта жүз тайпаларының көшпелі аумағы саналған. Бұл жерде көптеген даңқты батырлардың есімдері сақталған. Қазіргі Зеренді ауылының тарихы 1824 жылдан басталады. Әсем Зеренді көлінің жағасында Сібірден жер аударылған казактар 6 тұрғын ағаш үй салады. Ал 12 жылдан кейін бұл жер аудан ауыл мәртебесіне ие болады. Зеренді атауы түрктің «зерен» яғни, ақ бөкеннің аталығы сөзінен шыққан деген нұсқа бар. 19 ғасырдың ортасында мұндағы көл айналасына киіктер су ішуге келіп тұрған көрінеді. Атау осыдан шықса керек. Көркем аймақ туристерді қызықтыратын көлдерге, әсем шатқалдар мен бұлақтарға бай.
«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.