Ақтөбе облысында ₸54 млн бюджет қаражатын жымқырған есепшілер анықталды

Ақтөбе облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепші анықталды, деп хабарлайды 24kz.

Ол мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам ақшаны жымқырған. Мұғалжар ауданындағы 4 балабақша есепшілерінің атынан құжаттарға өзі қол қойып, қаражатты сол әріптес-сыбайластарының шотына аударған. Нәтижесінде екі балабақшаның бухгалтерлері 5 млн теңгеден астам шығынды өтеп, қылмыстық іс тоқтатылды. Ал қалған екі балабақша есепшілері 49 млн-ды заңсыз қалтаға басқандары үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.