Көлсай көлдері ұлттық паркі | Дархан дала
«Дархан дала» жобасы Қазақстанды аралап еліміздің туристік әлеуетімен танысып жүр. Хабарымыздың өткен шығарылымында Жаркент маңында өсіп тұрған киелі ағаштың өмір сүру ұзақтығына таң қалып, ағаш көлін таптық және күн бата Саты ауылына жеттік.
Саяхаттың жаңа күні - бағыттың жаңа мақсаты - Көлсай көлдері ұлттық паркінің аумағында орналасқан биік таулы көл. Негізі Қайыңды көліне апаратын екі жол бар, біреуі тікелей Саты ауылынан, бұл көпшілік қолданатын бағыт - дала жолы. Ал екіншісі Қарабұлақ ауылының маңында, аса танымал емес, қиын, тіпті экстремалды десекте болады. Таңдау айқын болды, жол талғамайтын көліктер қиын жолдарду еңсеру үшін қажет - деді біздің экипаж капитандары сол себепті экспедициялық топ екінші бағытпен су айдынына қарай бағыты алды.
«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.