Автосаяхатшылар клубының қайырымды істері | Дархан дала

«Дархан дала» бағдарламасы әр апта сайын кең байтақ жеріміздің көрікті жерлерімен таныстырып келеді. Бірақ бұл жолы бағытымызды аздап өзгерттік: бүгін біз автосаяхатшылармен бірге балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесуге бардық. Мақсатымыз – оларға аз да болсын қуаныш сыйлау.