Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 80 жыл

Биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 80 жыл. Осыған орай қара шаңырақта мерейтойлық марафон басталды. Апталық шараның шымылдығы үрмелі және ұрмалы аспаптар студенттік оркестрінің концертімен басталды.

Музыка сүйер қауымға танымал скрипкашы Марат Бисенғалиев, баяншы Yves Moulin және опера әншісі Талғат Мұсабаев өнер көрсетті. Марафон аясында 2 желтоқсанға дейін концерттер, шеберлік сыныптар мен кездесулер өтеді. Конверваторияның 80 жылдығы 3 желтоқсан күні Республика сарайындағы гала-концертпен аяқталады. Өнер ордасы әлемге танымал бірнеше буын музыканттарды тәрбиелеп шығарды. Қара шаңырақ түлектерінің қатарында Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Юрий Клушкин, Алан Бөрібаев, Байғали Серкебаев, Медет Шотабаев сияқты Қазақстанның халық әртістері, еңбек сіңірген қайраткерлері мен дарынды музыканттар бар.

Мұрат Бисенғалиев, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оркестр жетекшісі:

- Біздің түлектер тек қана Қазақстандағы үлкен ұжымдарда емес, сондай-ақ үлкен дүниежүзіндегі ұжымдарда қызмет етіп жатыр. Бізде бітірген үлкен таланттар бар. Бүгінгі мереке тек консерваторияның мерекесі емес, бұл бүкіл Қазақстанның мерекесі десек болады. Сондықтан барлықтарын шын жүректен құттықтаймын. Консерваториямыз осылай жайнай берсін.