Тарихы терең Түркістан | Дархан дала
«Дархан дала» жобасы Қазақстанды аралап еліміздің туристік әлеуетімен танысып жүрміз. Біздің түсірілім тобы елдегі ең өзекті жазғы бағыттардың бірі - еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінің негізгі туристік көрікті жерлеріне апаратын жолдарды зерттеп жүр, бұл экспедицияны – «Шығыс қақпадан рухани Астанаға дейін» деп аталады. Қазавтожол автомагистральдарымен сонау Қорғастан жол бастап, мақсатымыз – Түркістанға да жеттік!
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ежелгі сәулетшілердің қазынасы Самарқанд, Бұхара және Хиуадан солтүстікке қарай керуен жолдарының қиылысында біздің дәуіріміздің бесжүзінші жылында пайда болды, бұл қала тарихшылардың, туристердің, зияратшылардың, мәдениет пен сәулетті бағалайтындардың назарында.
Тарихта қала Яссы деген атпен белгілі. Кезінде Түркістан Қазақ хандығының экономикалық, саяси және мәдени жүрегі болған.
Бұл дала кеңістігі мен ежелгі егіншілік мәдениеттерінің тоғысында дамыған қаланың жарқын мысалы. Географиялық орналасу қала тұрғындарынан дипломатиялық, сауда-саттық таланттарын талап етті. Мұнда қолөнер, мәдениет және сәулет өркендеді.
«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.