Ел жүрегі – Елорда! | Дархан дала
«Дархан дала» жобасы Қазақстанды аралап еліміздің туристік әлеуетімен танысып жүр. Республикамыздың түкпір-түкпірін аралап бүгін ел жүрегі – елордадамыз!
Өзінің «суық» қысымен танымал шағын қала 1997 жылы елдің астанасы болып жарияланған сәттен бастап, қарқынды дамуды бастан кешіріп Тәуелсіз Қазақстанның бетке ұстар жобасын айналды. Ежелгі Сарыарқа жерінде тек жаңа астана ғана емес, ел дамуының жаңа кезеңі басталды. Нұр-Сұлтан қуатты, серпінді даму мен тұрақтылықты бейнелейді, ол әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келетін жарқын, күшті, гүлденген мегаполиске айналды. Алайда бұл қалада XXI ғасырдағы ғимараттардың көлеңкесінде қалған ескінің куәгерлері бар. «Дархан дала» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында солар жайында сөз қозғамақпыз.
«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.