Ұлытауға саяхат | Дархан дала

«Дархан дала» жобасында Қазақстанды аралап, еліміздің туристік әлеуетімен танысамыз. Ұлытау - қазақ халқының тарихи орталығы. Мұнда Қазақ хандығы мен мемлекеттілігінің қалыптасуына байланысты ұлттық тарихтың ұлы оқиғалары орын алды. Ұлытау арқылы Орта Азиядан Сібірге Сарыарқадағы Ұлы Жібек жолының басты тармақтарының бірі Сарысу немесе Мыс жолы өтті. Ғалымдар бұл сауда жолы Ұлы Жібек жолынан әлдеқайда бұрын пайда болған және өткен ғасырдың 30-шы жылдарына дейін болған деп болжайды. Ұлытауға саяхат туған еліңіз туралы білім қоржыныңызды толықтырып, көптеген сұрақтарға жауап береді.


"Дархан дала" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы көре аласыздар.