Қазақстандағы велосаяхат | Дархан дала
Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту аясында 2020 жылы мұнда 32 шақырым веложол салынды. Щучье көлімен Бурабайды байланыстырған жол орман, бұлақтар, жартастар мен жағалаулар, туристік жағажайлар және курорттың көрікті жерлері арқылы өтеді. Жол бойында велосипедтерді жалға берудің жеті нүктесі орналасқан.