Бурабай - қазақ даласының інжу маржаны

Бұл жердің табиғатының таңғажайып сұлулығы жыл бойы елдің түрлі аймақтарынан ғана емес, сонымен қатар шетелдік қонақтарды да тартады. Курорт қонақтарды әдемі табиғат, таза ауа, мөлдір көлдер, әсем тау шыңдарымен, қылқан жапырақты ормандармен тартады. Бүгін біз сіздерге сүйікті курорттың көпшілік назарынан тыс қалып жататын жерлерді көрсетпекпіз және бұл орайда бізге тәжірибелі гид өлкетанушы Владимир көмектеседі.