Халықтық IPO, Президент атындағы әлеуметтік қор, мешіттерге бас сауғалаған ресейліктер | Fact Check
Бағдарламамызды мына кадрлардан бастағымыз келіп тұр. Алаяқтар «Хабар 24» арнасында шыққан жаңалықтардың үзінділерін монтаждаған. «Халықтық IPO» -ға бірнеше қазақстандық қатысып, ай сайын 7 млн теңге табыс тауып отырғанды-мыс. Осылайша аспаннан ақша жауғандай бірнеше пәтер, көлік алды деп ақпарат береді. Халыққа үндеу тастап, миллиондап табыс тапқың келсе сілтемемен өтіп, өзің туралы жеке мәліметтерді жазуды сұрайды. Бұған ермеңіз! Алданбаңыз! Алаяқтар адал еңбегіңізбен тапқан ақшаңызды жымқырмақшы.