Саяхат. «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы көрікті жерлердің бірі «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы. Парк қарт Қаратаудың Боралдай жоталарында және Сырдария, Арыс өзендерінің алқаптарында орналасқан. Онда өсімдіктің 850-ге тарта түрі кездеседі. Оның 42-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Жалпы өңірлік табиғи саябақ 3 бөлімшеден тұрады. Бүгінгі шығарылым соның бірі «Түркістан» жайында болмақ. Ендеше ерекше сұлу табиғаты бар мекенге бізбен бірге саяхат жасаңыз.