Қонаев қаласында да сайлау қызу өтіп жатыр
Таң алагеумнен бастап осы уақққа дейін адам аяғы үзілмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қонаевтағы бұл күн мерекелік іс-шараларға ұласуда. Мысалы, рето автоларды тізгіндеген ардагерлерлер қала көшелерінде арнайы автошеру өткізді. Әр участекті аралап, комиссия мүшелерімен, тұрғындармен дидарласып, науқанның өту барысымен танысты.
Қанат Жақыпов, спорт ардагері:
– Болашақ жаңа Қазақстан үшін.Ойлаймын жақсы болады деп. Әрине бұл бәрімізге байлынысты. Елге байланысты. Бәріміз бір болуымыз керек.
Алмас Бекжан, қала тұрғыны:
– Мен ҚР азаматы болғандықтан Жаңа Қазақстанды таңдаймын. Және де біздің Қазақстанымыз жылдан жылға дами бергенін қалаймын.
Алмас Садуақас, тілші:
– Әр участектегі ахуалды қоғамдық ұйым өкілдері, саяси партилар мен тәуелсіз байқаушылары қадағалап отыр.
Айта кетейік, Алматы облысы бойынша 970 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы.
Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев