Қазақстан мен Ұлыбритания коммерциялық құжаттарға қол қойды
Өткен аптада елімізге Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы қабылдап, оның Қазақстанға сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін беретінін айтты. Сондай-ақ, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайту мәселесі талқыланды. Әсіресе, энергетика, «жасыл» экономика, қаржы, инновация бағытына басымдық берілді.