Агросектор. Жұмыртқа құны неге тәуелді?
Фабрикадан 20 теңгеден шыққан жұмыртқа дүкендерге жеткенше 35 теңгеден жоғары бағада сатылады. Оның тағамдық құндылығына ешкім күмәнданбаса да, бағасы тұтынушыда сұрақ тудырары анық.
Жалпы жұмыртқаның өзіндік құны неге байланысты? Оған әсер ететін құс азығы, кредитік сыйақы, екпе жұмыстары мен залалсыздандыру, қаптамасы және өзге де толып жатқан шығындар жайлы бүгінгі шығарылымда өндіруші мамандар тарқатады.