Агросектор. Қай макаронды таңдайсыз?

vk.com

Дүкен сөрелерінен сіз макаронның қай түрін сатып аласыз? Қалауыңыз қазақстандық өнім бе, әлде итальяндық өнім бе?

Атақты паста отанында шығарылатын өнім біздікінен 3 есе қымбат. Олардың құрамында қандай айырмашылық бар? Лаборатория тәсілімен бірге анықтап көрейік.

Кез келген макаронның құрамы қарапайым. Оны жасау үшін бар болғаны ұн мен су қажет. Алайда оны дайындағанда сапалы шикізат қана емес, дұрыс өндіру процесі де маңызды. Сағатына 8 мың кг макарон түрлерін өндіретін еліміздегі зауытта бұл жұмыс қалай атқарылады? Отандық өнім қай елдерге экспортталады?