Агросектор. Агроөнеркәсіп кешеніндегі несие серіктестіктері

www.securitieslawyer101.com

Кез келген шаруа үшін көктемгі егіс науқаны үлкен қаржыны талап етеді. Оны қайдан және қалай алуға болады?

Бүгінде диқандар қомақты қаржыны Аграрлық несие корпорациясынан ала алады. Бұл институт өз кезегінде фермерлерді несие серіктестігі арқылы қаржыландырады. Ол үшін енді қалаға барып құжат толтырудың қажеті жоқ. Өтінішті ауданда-ақ қабылдайды.

2001-2015 жылдар аралығында республикамыздың 13 облысының 163 ауданында осындай 171 бірлестік пайда болды. Бүгінгі күнде несие серіктестігі 12 мың ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің басын қосқан. Екінші деңгейлі банктерге қарағанда мұнда қатысушыларға несие желісі ашылады. Мұндай серіктестіктердің тиімділігі неде? Онда шаруалар үшін тағы қандай мүмкіндіктер бар?