Агросектор. Мал баққанға бітеді
Бұл шаруашылықтың «Архарлы Майбүйрек» деп аталуы Алакөл ауданының екі елді мекеніне байланысты.
Жайылым жерге, мал азығы дақылдарының мол өніміне бай өңір Қазақстандағы асылтұқымды ірі қара мал басын дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда 2014 жылы Австралиядан 6 мыңға жуық агнус пен герефорд тұқымы әкелінді. Бүгінде шаруа қожалығының алдында тұрған басты міндет соларды көбейту болып отыр. Ал 2017 жылға қарай бордақылау алаңы мен жылына 10 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік беретін ет комбинатын салмақ. Шаруашылықтың қарқынын бүгінгі шығарылымда баяндаймыз.