Агросектор. Егін жинау науқаны қалай болмақ?

www.jpost.com

Күзгі егін жинау науқанында шаруаларды қандай ауа райы күтеді? «Қазгидромет» мамандары ол жайлы не дейді?

Биылғы көктем шаруалар үшін қолайлы болып, егін егу науқанын дер кезінде аяқтауға мүмкіндік берді. Дәнді-дақылдар егістік алқабының 14,5 млн гектарын құрады. Бұл белгіленген жоспардың 100 пайызы. Алайда ол мол астық жинайды деген сөз емес дейді шаруалар. Себебі қазіргі жауын-шашын дәнді-дақылдардың өсуіне әсер етіп отыр. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.