Агросектор. Бекіре өсірудің тиімді жолдары
Енді бұл бағалы балықты Каспий теңізінде ғана емес, Қарағанды облысындағы шаруашылықта да аулауға болады. 2013 жылы бастауын алған жоба бекіре етін шығаруға негізделген. Қазіргі таңда мұнда 15 мыңнан астам бекіре өсірілуде. Заманауи озық технологиямен жабдықталған шаруашылық уылдырықтарды инкубациялау әдісін тәжірибеде қолданып көрді. Нәтижесі қандай?