Талдау. Ақылы жолдар

Соңғы 4 жылда «ақылы жол» деген түсініккке де үйреніп келеміз. Бүгінде осы жүйеде жұмыс істеп жатқан Астана-Бурабай тас жолының құрылысында мін жоқ. Көкшенің бел ортасына алып баратын бұл магистральді 211 шақырымда жүйткіп өтесіз. Себебі 6 жолақты автобанда сағатына 140 шақырыммен жүруге рұқсат етілген. Жалпы еліміз үшін мұндай жолдардың тиімділігі неде? Ақылы жолдың тарифі қалай бекітіледі? Жүйенің жұмыс істеу тәртібі қандай?