Агросектор. Тәулігіне 17 тонна өнім беретін нан зауыты

Балқаш қаласының тұрғындары асыға күткен бұл зауытта нанның 85 түрін шығарады. Тәтті тоқаш, бауырсақ, тіпті диеталық нан да бар. Зауыт жанынан ашылған дүкендегі арнайы сөрелерде зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар, мұқтаж жандар үшін тегін нан да алуға болады. Зауыттың бүгінгі қарқыны қандай? Онда нан қалай дайындалады?