Елбасы Н.Назарбаевтың CNBC Arabia телеарнасына берген сұхбаты

Қазақстан атом қаруына қарсы мемлекеттердің көшбасшысы екенін күллі әлемге әйгілеген бірден-бір ел. Еліміздің Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне Тұрақты емес мүше атануының өзі әлем елдерінің бізге зор сенім артатынын аңғартады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Араб әлемі елдерінің ең танымал, белді де, беделді CNBC Arabia телеарнасына берген сұхбатында айтты.