Медицина. Омыртқа мен жұлын патологияларын емдеу
Статистика мәліметтеріне сүйенсек адамдардың 80 пайызы бір рет болса да арқа ауруын сезінген. Оның себептері өте көп. Бүгінде медицинадағы озық технологиялар ауруды емдеудің түрлі тәсілдерін ұсынады. Астанадағы нейрохирургия орталығында жұлын және омыртқа патологиясын емдеудің 25-тен астам технологиясы бар. Егер осыдан 10 жыл бұрын науқасты емдеуде дәрігерлер шарасыз болса, қазір мүмкіндік өте жоғары. Толығырақ осы шығарылымда.